ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

Халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауы өзіндік жаңалық­тарымен, жаңа идеяларымен еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз болатын маңызды құжат болып саналады. Жуырда Елбасы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындау, сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр. Елбасы  Қазақстан халқының алдына түсінікті әрі айқын 10 міндет қойып отыр.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауда  индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістігін, ресурстық әлеуетті,  агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажеттігін негізге алып отыр. Білім беру, денсаулық саласы мен зейнетақы жүйесін онтайландыру мәселесіне Елбасы әр  Жолдауында ерекше мән береді. Жемқорлықтың алдын алу кезекті Жолдауда да көрініс тауып отыр. Қазақстанның даму жолын айқындайтын құжат еліміздің түкпір-түкпірлерінде, оқу орындарында өзге де орындарда кеңінен қолдауға ие болуда. Президенттің қай жылғы Жолдауын алсаңыз да, халықтың тұрмысын жақсар­тып, ел экономикасын көтеру­мен қатар, жастарды білім мен ғы­лым­ға шақырғанын көреміз.

Жолдауға қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыру әрбір қазақ­стандықтың азаматтық парызы.

Қалимолда Байболов,

Алматы облысының Құрметті азаматы.