Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады.

Президенттің 2021 жылғы 18 ма­мыр­дағы № 580 Жарлығымен бел­гіл­енген та­лап­тарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.
Резервшіні бос мемлекеттік лауа­зымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте ре­зерв­ке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.
Резервке алу үшін үміткерлерге бірнеше жүйелі кезеңдерден өту керек, оның ішінде:
1) күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
2) ситуациялық тапсырмаларды шешу;
4) құзыреттерді бағалау;
5) Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
6) Қазақстан Республикасы Прези­дентінің жанындағы Жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.
Көптеген кезеңдер онлайн режимінде өтеді.
Алдыңғы іріктеуден айырма­шы­лығы, рекрутинг процесі талап етілетін білімді, дағдыларды анық­тау­ға ғана емес, сонымен қатар канди­дат­тардың шынайы мотивтері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған. Мақсаты — қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда.
Біздің сүйікті Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті барлық азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қа­тысуға шақырамыз.

«Талғар-ақпарат»