ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жария етілді. Талғар политехникалық колледж ұжымы Жолдауды тыңдап, колледждің даму стратегиялық жоспарларына өзіндік ой пікірлерін айтты. Бұғанға дейінгі Жолдауды қолдау мақсатындағы іс-шаралар талқыланып, жетістіктер аталынып өтілді. Мәселен 2017 оқу жылында «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы негізінде 3 айлық қысқа мерзімді курс бойынша  Талғар ауданының жұмыссыз және әлеуметтік жағдайы төмен 200 тұрғыны жұмысшы мамандығын оқыды. Білім алушылар тегін білім алып, қосымша төлемақымен қамтамасыз етілді. Бастысы жұмыспен қамтамасыз етілді.

2017-2018 оқу жылында қоғамның қажеттілігі мен кәсіпорындардың сұраныстарына орай «Электронды есептеу машиналарын баптаушы», «Автоэлектрик» мамандықтары  ашылды. Бүгінде Талғар ауданы өңірінен колледжімізде 50 студент осы мамандық бойынша өз білімдерін алуда. Сондай-ақ, 11 сыныптан кейін «Автоэлектрик» мамандығы бойынша 62 білім алушыны 10 айлық бағдарлама негізінде оқуға қабылдадық.

Жолдауда аталынып өтілгендей стандарттар қайта қарастырылып колледжіміздің «Тігінші», «Аспаз», «Автослесарь», «Электрогаздәнекерлеуші» мамандықтары модульдік оқыту жүйесіне ауыстырылды.

Биылғы оқу жылына да білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында қосымша екі мамандық ашуды жоспарлап отырмыз. Ол мамандықтар Республика көлемінде қажеттілік туындатып отырған жұмысшы мамандықтары болып табылады. Олар: «Слесарь-сантехник», «Автокран жүргізушісі», «Бульдозер жүргізушісі».

2016-2019 Ғылым мен Білімді дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары  аясында 15 ЖОО-мен меморандумға отырып колледж өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Бүгінде Жолдаудағы мақсат міндеттерге ЖОО-мен бірлесе қол жеткізіп отырмыз. Атап айтсақ, колледжге қажетті мамандарды меморандум шарттары негізінде жұмысқа қабылдау, ғылыми жұмыстармен бірлесе айналысу, колледж оқытушылары мен өндіріс шеберлерінің біліктілігін арттыру мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отырмыз.

Жолдауда Елбасы тек диплом беріп қана қоймай жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін баса атап кетті. Колледжіміз дуальды оқыту жүйесін қалыптастыру арқылы бұл мәселені де 95 пайызға орындап келеді.

2017 оқу жылының желтоқсан айында 2 оқытушымыз Финлияндия және Малайзия елдеріне барып білім алып келді. Нұрғалиева Гүлжаухар Финлияндия елінен менеджерлік құзыреттілікті үйреніп қайтты. Жолдауда Елбасымыз шетелдерден менеджерлік дағдыны оқып үйрену керектігін атап өткен екен. Қысқы педагогикалық шетелдің тәжірибесімен бөлісіп қайтқан әріптестеріміз колледждің басқа оқытушыларын оқытуды жоспарлап отыр. Талғар политехникалық колледжі ұжымы қашанда Елбасымыздың Жолдауын қолдау мақсатындағы жұмыстарда қажырлықпен еңбек ете бермек. Еліміз 50 елдің қатарын енудегі іс-шараларда белсенді болайық дегім келеді.

Талғар политехникалық колледж директоры

Ж.Т.Кибекбаев