ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҮЙЕЛІК НЕГІЗДЕ ПАРА АЛҒАНЫ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ҰСТАЛҒАНЫНАН КЕЙІН ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛДЫ

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҮЙЕЛІК НЕГІЗДЕ ПАРА АЛҒАНЫ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ҰСТАЛҒАНЫНАН КЕЙІН ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛДЫ

 Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тергеу басқармасының іс жүргізуінде «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы мен бөлімнің бас маманына қатысты ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 2, 4-тармақтары бойынша пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс жатыр.

 Бұған дейін хабарланғандай, осы бөлімнің басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, «Covid – 19» коронавирустық инфекциямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жүйелік негізде қаланың рестораторларынан және оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамағаны үшін сауда өкілдерінен 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған пара сомасын берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қылмыстық іс аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Талдықорған қаласы әкімдігінде қала әкімінің қатысуымен кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша алдын алу шараларды қабылдау мақсатында, сондай-ақ осы бағыттағы тиісті бақылаудың болмағаны үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С. Арзанбекова жұмыстан босатылды.

Қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасуда. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.