«Бүгін Астанада дүлей боран соғып, қалада жүріп-тұру қиындай түсті» — деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Жел жылдамдығының күшті болғаны соншалық, адамдар көшеде топтасып жүруге мəжбүр.
«Мынадай боранды соңғы 5 жылда көрмеген шығармыз. Сұмдық, адамдар көшеде бір-бірімен топтасын жүріп жатыр. Əйтпесе жел ұшырып əкетеді» — дейді қала тұрғындары.
«Астанадан басқа облыстарға қатынайтын барлық бағыттағы жолдар жабық. Дұрыс шешім, өйтпегенде жол апаты орын алуы əбден мүмкін», — дейді елордалық такси жүргізушісі.
Дүлей боранға байланысты қаладағы Қабанбай батыр даңғылы сияқты бірқатар көшелер де жабылған.
Қазіргі уақытқа дейін қалада 60-тан астам жол апаты тіркеліп, бір адам жарақат алған. Қаза болғандар жоқ.
Айта кетейік, кеше синоптиктер еліміздің солтүстік, орталық жəне шығыс өңірлерінде қатты жел тұратынын айтып, дабылды ескерту жариялаған.
Мамандардың мəліметінше, республиканың кей аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр.
Талғар-ақпарат