Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ТЖД мамандары жаңа жыл мерекесінің алдында түрлі мерекелік шаралардың өтуің басты назарға алуда. Себебі, жаңа жыл мерекесі басталысымен ақ тұрғындар соның ішінде әсіресе, балалардың түрлі жарқыраған от – шашулардан жарақат алып жататыны жасырын емес.
«Алдымызда келе жатқан мейрамдарда сақ болу керек, біздің мақсатымыз тұрғындарға жаңа жыл шараларын өткізу кезінде қауіпсіздікті сақтау керектігін ескертеміз тіпті шыршаның құрылуы оны қандай мекеме бөлмеге құру керектігі басты назарда», — дейді Алматы облысы ТЖД Өрт қауіпсізігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Сүлейменов Бауыржан.
Мамандар мерекеде қолданылатын пиротехникалық бұйымдар туралы да ескертті. Көпшілік жағдайда ересектердің өздері от – шашуды дұрыс қолданбайды екен.Тұрғындар сапасыз, ескірген пиротехникалық бұйымдарды сатып алып, кейін қайғылы жағдайларға тап болып жататынын алға тартты.
Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолданбау салдарынан өрт орын алып жатады, 26 күні Алматы облысы Сарыөзек қаласында болған шыршаның өртенуі осы қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамағандықтан болып отыр. ТЖД мамандары уақытылы өрт болған орынға жетіп үлкен апаттың алдын алған. Бақытымызға орай зарбап шеккен адамдар жоқ.
Егер төтенше жағдай болып жатса мамандарды күтпей дереу эвакуациялау жұмыстарына көшу керек, — дейді Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Найзабеков Берік.
Айта кететіні, пиротехникалық бұйымдардың барлығы адам өмірі үшін өте қауіпті. Мәселен көшеде заңсыз сатылған пиротехникалардың көбісі жасанды, жалған сақтау мерзімі өтіп кеткен заттар. Қазір сауда үйлерінің алдында мекеме ішіндегі сауда бөлімдерінде де аталмыш от – шашулардың ешқандай рұқсаты жоқ. Тек павильондарда арнайы сертификатпен сатылғанын алған дұрыс дейді арнайы мамандар.