БАҚ өкілдеріне арналған байқаудың жүлдегерлері анықталды

БАҚ өкілдеріне арналған байқаудың жүлдегерлері анықталды

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында БАҚ өкілдерінің арасында ұйымдастырылған байқаудың нәтижесі шығып, ең үздіктері анықталды.
Байқау мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық сәйкестікті сақтай отырып, мәдени және рухани құндылықтарды насихаттау, шығармашылық ортаны қолдау. Еліміздің дамуына ақпараттық кеңістікте тер төгіп жүрген БАҚ өкілдерінің жұмысын басты назарға алу.
Арнайы комиссия мүшелері төрелік еткен байқауға 40-қа жуық үміткер қатысып, БАҚ өкілдерін екі аталым бойынша марапаттады. Бірі «QALAM PRIZE» байқауынан 12 жүлдегер және «SUNRISE AWORDS» премиясының 6 ең үздік жеңімпазы анықталды.
Атап өтсек, «Кәсіби емес жүргізуші» номинациясын Аубекеров Нурлыбек, «Взгляд» — Лучший аналитический материал-Алина Галымова, «Лучший телевизионный журналист»-Асем Кощегулова, «Халық қалаулысы» — Үздік тележурналист — Мариям Жандарбекқызы және Кәмшат Болатқызы, «Үздік баспасөз хатшысы»- Диас Бейсенбекұлы, «Үздік фоторепортаж»- Марат Серікұлы, «Арнайы көрініс» — Үздік өңірлік журналист Қайнар Жұмағожаұлы, «Ең үздік мобильді қосымша»- Данияр Жарылқасынұлы, «Event»-агенттігі-Хан Игорь, «Үздік оператор» номинацияларын Құрманбаев Жайық алса, ал, «SUNRISE AWORDS» премия бойынша жүлдені Еңлік Мархабекқызы, Айжан Сабитовна, Алуа Қожахмет, Азат Серікұлы, Айман Серікқызы, Олжас Қуанышұлы иемденді. Жүлде иегерлеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Ең алдымен байқау ұйымдастырушыларынпа алғыс айтқым келеді. Марапат алғанымыз- мерейіміздің өскендігі емес пе?! Сол себептен, өткізген мақалаларымды сараптап, жіті тексеріп, жүлгене лайық деп тапқаны кеудеге қуаныш ұялатады. Артылған сенім шабыт сыйлап, одан да жоғары дәрежеде шығармашылықтың шыңына шығуымызға ынталандырады. Сол себептен осы сынды байқау мен сайыстардың арқасында шыңдалып,талпына түсеміз»,-дейді «SUNRISE AWORDS» премиясының иегері Қабдеш Еңлік.
Сонымен қатар, жүлде аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға «Автоеріктілер» арнайы алғыс хат табыстады.