Алматы облысының журналистері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Алматы облысының журналистері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерді кәсіби мерекесі — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Іс-шараға «Тенгриньюс» ақпараттық агенттігінің бас директоры Сұңқар Қарабалин, Қазақ теледидарының мэтрі, журналистика ардагері  Тілеуқабыл Мыңжасар , аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушыларға құттықтау сөзінде облыс әкімі Амандық Баталов бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің ақпараттық саясатын жүзеге асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы маңызды жетістіктері туралы айтты.

— Бүгінде бізде БАҚ саласында өз ісіне берілген мыңнан астам талантты, білікті мамандар еңбек етеді. Сіздер оқырмандарыңыздың, көрермендердің және тыңдаушылардың мәселелерімен өмір сүресіздер, оларға жедел және сенімді ақпарат алуға көмектесесіздер.Сіздер облыс тұрғындарының мүддесін адал қорғап, халықпен сапалы кері байланысты қамтамасыз етесіздер, билікке  мәселелерді талдауға және оларды шешудің тиімді жолдарын табуға көмектесесіздер. Кейде бұл сіздің тарапыңыздан сынсыз болмайды, бірақ бұл сіздепдің бізге берген көмектеріңіз. Біз әрдайым барлық БАҚ-тармен белсенді қарым-қатынас жасауға тырысамыз және күнделікті жұмыста экрандарда, интернетте, газеттерде, радио мен әлеуметтік желілерде шығатын барлық ақпаратты пайдаланамыз.  Сіздер ақпараттық қолдаусыз адамдардың өмірі мен облыстың дамуы үшін маңызды бір оқиғаны қалдырмай, барлық басқа жаңалықтарға белсенді назар аударуды жалғастырудасыздар. Өйткені Жетісу өлкесі әрдайым журналистиканың мықты дәстүрлерімен танымал болған, ал біздің БАҚ-тың қалыптасуы бүкіл өңірдің тарихын бейнелейді, — деді ол.

— Содан кейін облыс әкімі кәсібилігі мен мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға белсенді қатысқаны үшін бірқатар журналистерді  марапаттады. «Іле таңы» газеті редакторының орынбасары Роза Айдарбекова, «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Қанат Біржансалов «Еңбек ардагері»төсбелгісіне ие болды.

— ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне «Жаркент өңірі» газетінің бас редакторы Бағдат Айтмұқаева, «Жетісу» телеарнасының жаңалықтар шығарылымының редакторы Назгүл Бошанова , Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Ұлбосын Исабекова, «Жетісу» газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсын ие болды .
Қазақстан Республикасының құрметті журналисті атағын «Огни Алатау»газетінің меншікті тілшісі Рамазан Елешев алды.

Сондай-ақ, бірқатар журналистер облыс әкімі мен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында «Нұрлы Көксу» газетінің бас редакторы Айгүл Айманбекова, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Жәмила Атибаева, Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағат, «Jetisý media» КММ маманы Айман Асылбекова бар.
Журналистердің атынан «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Қанат Біржансалов сөз алды.
Әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, ол өткен кезеңдегі облыстың жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ көрсеткен құрмет пен қолдау үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде «Jetisý media» КММ маманы Айман Асылбекова барлығын мерекемен құттықтап, көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.

Салтанатты шараның соңында мерекелік концерт өтті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Алматы облысында жұмыс істейтін 37 журналист «Халық алғысы» Құрмет медалімен марапатталды.

JETISÝ MEDIA