ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, превенция және парасаттылық басқармасының басшысы А.Садықов Ескелді ауданы әкімдігінде жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесуге Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли, әкім аппаратының басшы құрамы және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аясында, Ескелді ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Антикор басшысының бірінші орынбасары бірқатар проблемалық мәселелерді, соның ішінде ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша мәселелерді атап өтті. Сонымен, Жандос Жұмабаев профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстың нашар ұйымдастырылғанын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі формалды тәсіл туралы атап өтті, сондай-ақ әлеуметтік желілерде халықпен кері байланыстың жоқтығына, оның ішінде ресми ақпаратқа толыққанды ақпараттың жоқтығына назар аударды.
Сонымен қатар, кездесу аясында Жандос Жұмабаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің а.ж. 5 айдағы қызметі туралы айтып берді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларын түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик көрсетіліп, профилактикалық сипаттағы ұсыныстар енгізілді.