Абзал жандардың атаулы күні

Абзал жандардың атаулы күні

18- маусымда облыс орталығы Талдықорған қаласында адам жанының арашасы болып жүрген дәрігерлерді құрметтеу және тану, қоғам алдындағы өз қызметі үшін жоғары моральдық жауапкершілігін бағалау мақсатында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті.


Атаулы шарада облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жолдады. Қоғам алдында арқалаған жауапкершілік жүгінің ауыр екенін тілге тиек етіп, сын сағатта көрсеткен ерліктері мен еңбектеріне алғыс айтты.
Төзімділік, шыдамдылық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттер тұла бойынан табылатын абзал жандардың еңбектері ешқашан елеусіз қалмақ емес. Әлемді жайлаған індетпен күресте алдыңғы шептен табылып, антына адал еңбек етіп, ерен ерлік жасаған медицина қызметкерлеріне қандай құрмет көрсетсеңде жарасымды.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ