АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ МУРАЛДАР САЛЫНДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ МУРАЛДАР САЛЫНДЫ

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлердің қасбетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар салынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар дұрыс мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға, дұрыс әрекеттерді жасауға шақырады. Муралдардың негізгі тақырыбы ретінде ұлы тұлғалардың бейнелері мен парасаттылыққа, әділеттілікке және патриотизмге шақыратын сөздері мен ойлары алынған. Мәселен, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың «Шешен кісі сөз бастар, адал кісі – ел бастар!» сияқты қанатты сөздері мен көркем бейнесі бейнеленген.

Сонымен қатар, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына және көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың құрметіне ұлы тұлғалардың бейнелері мен адалдық пен адамгершілік қасиеттерді сақтауға шақырған сөздері мен ойлары қаланың орталық көшелерінде салынды.

Бұл муралдар парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа әдісі. Жұмыстың авторы – суретші Александр Романов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті