МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ МОЛАЙДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ МОЛАЙДЫ

«Талғар ауданы ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-сі мемлекеттік техникалық инспекция саласы бойынша төмендегі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

— тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер;
— монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы;
— мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары;
— сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
-жүргізу құқығына куәліктер беру, кепілін тіркеу, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: тракторшы-машинист куәлігін, куәліктің телнұсқасын алған, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні; тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 15 (он бес жұмыс күні); кепіл тіркеу – 2 (екі) жұмыс күні; техникалық байқаудан өткізу — машинаның тікелей тұрған жерi бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде және (немесе) машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына (бұдан әрі — Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі