Айналайын қолы шипа дәрігер

Айналайын қолы шипа дәрігер

Ақ халатты жаны жайсаң дәрігер,
Науқастардың жазылса екен бәрі дер,
Қарсы тұрып мына індеттің жолына,
Болып жүрсің күндіз-түні әбігер.

Ұйқысыз сен, қарсы аласың таң нұрын,
Аурудың көзбен көрдің жан мұңын.
Ол қиналса сен де бірге қиналып,
Қорғап қалдың талай жанның тағдырын.

Бас иесің Отаныңа, антыңа,
Бұл заманда жағу қиын жалпыға,
«Ең бірінші – парызым», – деп, – «бұл менің»,
Адал еңбек етіп жүрсің халқыңа.

Бірінші, АЛЛА, екінші сен, қорғаным,
Жан ауырса паналайтын орманым.
Талай жанды алып қалған өлімнен,
Айналайын, сенің шипа қолдарың.

Міндетіне ақ ниетпен қараған,
Мейірім бар өздеріңнен тараған.
Таңға сенің өміріңді күзеткен,
Еңбегіңді бағаласын әр адам.

Бүкіл әлем аз уақытта өзгерді,
Болып жатқан ауруды көз көрді.
Үміт сізде, ақ халатты дәрігер,
Ел күйзелді, ер сыналар кез келді.

Бүгін, міне, барлығымыз үйдеміз,
Бойда үрей, көңіл күпті күйдеміз,
Орындайық Елбасы айтқан тәртіпті.
Қиын шақта біз «Бәріміз біргеміз!».

Халықпыз ғой бірлігіміз жарасқан,
Сөгілмесін, сиремесін іргеміз.
Ел шығынсыз, халық мұңсыз өтіп
кетсек осыдан,
АЛЛА берген бізге үлкен сый деңіз!

Бексұлтан Көлбаев,
Кеңдала ауылы.