Жүгі ауыр жауапты міндет

Жүгі ауыр жауапты міндет

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу – мемлекеттік үкімет органдарының аса маңызды ролінің дәлелдемесі. Өйткені әлеуметтік-экономикалық реформалардың жетістіктері, қоғамның демократияландыру жолымен жылжуы, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен елдің тұрақты дамуы, мемлекет басқару тетігі жағдайы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен
олардың жігерлігіне байланысты.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі қажет. Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуінің астарында оның іскерлігі ғана емес, сонымен қатар айналасындағыларға құрметі мен ізеті де сараланады.

Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдарында бүгінгі күні штаттық кесте бойынша 194 мемлекеттік қызметші жұмыс атқарады. Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 10 семинар өткізілді. Аудандық-қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Талғар» газетінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау туралы 3 мақала, интернет-ресурстарында 1 мақала жарияланды.Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі басылымдарына әдептілік нормаларын сақтауын бақылау бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Мемлекеттік қызметшілерден қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жарты жылдықта 1 рет анонимді сауалнама жүргізіледі. Биылғы жылғы жоспар бойынша жүргізілген сауалнамаға 190 мемлекеттік қызметші қатысып, талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында қандай кедергілерге тап болатыны зерделеніп, тиянақты жұмыс істеуге қандай жағдайлар жасалғандығы анықталды.

Құрметті ауданның мемлекеттік қызметшілері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Табанды еңбекпен, үлкен жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен және тәртіппен мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосып келесіздер. Елімізде орын алған төтенше жағдайға қарамастан өз міндеттеріңізді адал орындап жүрсіздер. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еліміздің өркениетті елдер қатарына қосу жолындағы қиыншылығы мол еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Е.Толқынов,
Талғар ауданы әкімінің орынбасары —
Әдеп жөніндегі уәкілі