2020 жылғы 6 мамырда «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды (бұдан әрі – Заң), онда азаматтардың жаңа санаттары үшін жеңілдіктер жеңілдіктер қарастырылған, атап айтсақ:
Тәжікстан–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызпетшілері;
Таулы Карабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
Заңның 9-бабына сәйке ардагерлердің мәртебесі басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары кезінде тікелей қатысуды растайтын анықтамалардың, әскери билеттердің және өзге де құжаттардың негізінде белгіленеді.
Жергілікті әскери басқару органдары (бұрыңғы – әскери комиссариаттар) Ұлы Отан соғысына, басқа ұрыс қимылдарына қатысқандығын растайтын мұрағат құжаттарды іздеу үшін өтініш білдірген азаматтарға көмек көрсетеді және тиісті анықтама береді. Азаматтармен ұсынлған құжаттар негізінде (оның ішінде басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органдарынан анықтама), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарымен мәртебесі белгіленеді және жәрдемақы төлеу тағайындалады.
Сұрақтар бойынша хабарласыныз Сеилжан Ерсултанович Бекмуратовқа 24-27-38,24-30-69 телефон арқылы.
Алматы облысы ҚІД