Ұлттық халық санағы қалай өтеді?

Ұлттық халық санағы қалай өтеді?

«ҚАЗАҚСТАНДА ӘР КІМ МАҢЫЗДЫ!» деген ұранмен ұлттық халық санағы өткізіледі.Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы халық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді.

Ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі осы жылы маусым айының 1 мен 30 аралығында өтеді. Бұл кезде интервьюерлер тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. Бұл кезеңде аудандастыруға дайындық жүргізіледі

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша халық санағының 1 кезеңін өткізу үшін 90 нұсқаушы-бақылаушы және 585 интервьюерлер лауазымына штаттан тыс қызметкерлермен келісім-шарт жасалып жұмысқа тартылып, олармен оқыту семинарлары өткізілді. Нұсқаушы-бақылаушылар 25 мамырдан бастап 8 шілдеге дейін 45 күн , ал интервьюерлер 1 нен -30 маусымға дейін 30 күн жұмыс істейді.

Айта кетейік, ұлттық халық санағы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін, 45 күн онлайн форматта өтсе, ал интервьюерлер 1-30 қазан аралығында планшетпен аралайды. Және 31-қазаннан 7 қараша аралығында бақылау жұмыстары жүргізіледі, респонденттердің 10%-ын аралап, деректердің қамтылуы мен дәйектілігі тексеріледі.

Биылғы ұлттық санақтың жаңалығы заманауи цифрлық технологиялар және процестерге автоматтандыру енгізу болып табылады. Халықтың деректерін жинау процессі екі әдіспен жүргізілетін болады. Бірінші әдіс -sanaq.gov.kz мамандырылған веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен интернет-сауалнама арқылы өтеді. Жоғарыда аталған сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегінен қазан айының 15-не дейін тәулік бойы жұмыс істейді.

Екінші түрі ол, санақты онлайн режимде өтпеген репонденттер арасында жалпылама түрде электронды планшетпен интервьюерлер өткізеді.

«Санақ парақтарына қысқаша тоқталсақ, негізі 4 сауалнамадан тұрады, 87 сұрақ қойылады. Ондағы 67 сұрақ- негізгі және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ бар. Негізгі сұрақтардан басқа көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілді»,-дейді ҚР стратегиалық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департменті басшысының орынбасары Динара Молдағұлова.

JETISÝ MEDIA