Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Облыстық департамент 11 ай ішінде техникалық тексеру желісі бойынша 21977 қызмет және жер кадастры бойынша 71517 қызмет көрсеткен.
Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын тудыратын жағдайлар мен себептерді жою және алдын алу, жұмыскерлердің қызмет алушыларымен байланыстарын шектеу бойынша шараларды сақтау.
«Аталмыш Департамент жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 12 түрін көрсетеді, оның ішінде жер кадастры саласында 8 қызметті және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласында 4 қызметті көрсетеді. Бұдан басқа, Департамент жер кадастры және жерге орналастыру жұмыстары саласында коммерциялық қызметтер көрсетеді», — деді Алматы облысы бойынша Жер кадастры және жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру департаментінің директор орынбасары Еркенов Ержан.
Сондай-ақ, барлық аудандық және қалалық бөлімшелерде, фронт-офистерде қызмет алушыларға кедергісіз қызмет көрсету ұйымдастырылған, яғни, бұл тапсырыс берушілерге құжаттарын ресімдеу кезінде жедел түрде білікті көмек пен кеңес алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Департаменттің барлық офистерінде Мемлекеттік корпорацияның сенім телефоны орналастырылған, сонымен бірге заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен хаттары үшін жәшіктер қызметін пайдалану тәжірибесі де қолданылады.