4 мың тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

4 мың тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

Балық ресурстарына 1 млн. 211 мың теңге көлемінде залал келтірілген. Балқаш-Алакөл су айдынын бассейнін тексеру нәтижесінде, 530 кг балық және 197 км-ге жуық балық аулау құралдары тәркіленді. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында мәлім болды.

Жыл басынан бері 500-ден астам жедел-рейдтік іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде балық қорғау заңнамасын бұзудың 246 фактісі анықталған. Сәйкесінше, 214 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Балық аулау ережелерін өрескел бұзуға жол бергені үшін құқық қорғау органдарына қылмыстық іс қозғау үшін 14 жеке тұлғаға қатысты 14 материал жолданып, бүгінгі күні сот органдарымен 2 адамға қастысты істер қаралып қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,-дейді ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов.

Сондай-ақ, заңбұзушылардан 6 жүзу құралы және 84 тыйым салынған балық аулау құралы, 4,195 тонна заңсыз ауланған және тасымалдананған балық тәркіленіп, 4,9 млн.теңге айыппұл салынды, оның 2,9 млн. теңгесі өндірілді.

Бұдан басқа, балық ресурстарына келтірілген залал үшін заңбұзушыларға 2 млн.452 мың теңге талап арыз берілді, оның 808 971 теңгесі бүгінде өндіріп алынды.

Айта кетейік, инспекция қызметінің басым бағыттарының бірі Алматы облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру болып табылады.

2020 жылы Алматы облысының әкімдігі балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекітті.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы балықты жасанды өсірумен айналысатын балық шаруашылығы субъектілері 3745 тонна балық өсіруді жоспарлап отыр.

«Бүгінгі таңда облыста тауарлы балықты жасанды өсірумен айналысатын балық шаруашылығының 20 субъектісі бар. 2020 жылы олар 1416,64 тонна тауарлы балық өсірді, оның ішінде форель – 582,64 тонна, тұқы – 205,8 тонна, бекіре – 10 тонна, балықтың басқа түрлері – 618,2 тонна»,-деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің профилактикалық қызмет басқармасы табиғат қорғау полициясы тобының аға инспекторы, полиция майоры Данияр Уақасов

JETISÝ MEDIA