Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына облысымыздан Алиуханов Ғалымжан және Баялышбаев Елдос үміткер болып қатысып, халықтың дауыс беру арқылы таңдауымен 100 жаңа есім қатарына енгізілді. 2017 жылғы 1 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» форумына қатысып, Елбасымен жүздесті. Шынайы еңбектерінің арқасында ел таңдаған бұл азаматтар көпке үлгі боларына сенімдіміз!