1400-ге жуық жетісулық қазақстандық вакцинаны салдырды
«Qaz-COVID-In» отандық вакцинасының 4000 мың дозасы Алматы облысына жеткізілді. Аталған екпе мөлшері, 2000 адамды вакцинациялауға жетеді. Бүгінгі күні 1366 адам екпені қабылдап үлгерген. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында, аймақтың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді.
Qaz-COVID-In (QazVac) вакцинасын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты әзірледі. Qaz-COVID — In-бұлшықет ішіне енгізуге арналған белсенділігі жойылған вакцина болып табылады. Құрамында тазартылған белсенді емес SARS-CoV-2 штаммы бар.
«Екпе құрамында, жоғарыда атп өткендей SARS — CoV-2 вирусы бар. Ол химиялық реагентпен «өлтірілген», мұндай вакциналар жұмсақ, көтерілмейді. «Спутник V» векторлық вакцинасында вакцинаның бір бөлігі аденовирустарға отырғызылады, оған қарағанда, қазақстандық препаратта вирус толығымен жойылған күйде сақталады»,-дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбілсейітұлы.
Айта кетейік, қазақстандық вакцина «Спутник V» сияқты, екі компонентті және 21 күндік аралықта енгізіледі.
Отандық вакцинаның артықшылықтарының бірі-сақтау шарттары, егер «Спутник V» -18-25 градус температурада сақталуы тиіс болса, қазақстандық вакцина 2-8 градус температурада, яғни кәдімгі тоңазытқышта сақталады.