Алматы облысы бойынша 30 сәуірдегі жүргізілген анықтама бойынша облыста КВИ зертханалық 21 123 жағдай тіркеліп, оның ішінде 12 474-нің симптоммен екені расталған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптадағы салыстыру кезінде 1,3% — дан 1,1% — ға дейін төмендеді.
Өткен тәулікте аймақта КВИ 180 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,9%-ды құрап отыр. Тіркелген жаңдайлардың 150-і симптомдық (83,3%) және 30-ы симптомсыз (20%) деген деректер келтірілді.
26 сәуірден бастап өңірде «ASHYQ» облыстың аудандары мен қалаларындағы бизнес нысандарында «ASHYQ» бағдарламасы жұмыс жасауды бастады. Аталмыш жобаға бірінші болып Талдықорған қаласының кәсіпкерлері қосылса, бүгінде облыс бойынша 102 бизнес нысаныда осы жоба аясында жұмыс істеуде»,- деді Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері жөніндегі орынбасары Қанат Қабдиев.
Айта кетейік, аталған пилотты бағдарлама covid-19 таралу қаупін сейілтуге және келушілер мен жұмысшыларды қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнес объектісіне шектеу шараларына қарамастан локдаун жағдайында да жұмыс істеулеріне негіз болмақ.
Қазіргі таңда, infokazakhstan.kz сайтына «ASHYQ» жобасына қатысу үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 102 өтінім берілді келіп түсті.