Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Облыстағы 1967 ардагердің 560-ы әртүрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар.
Жыл сайын Талдықорған қаласында волейбол және шағын футболдан «Алматы облысының ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жарыстар өтеді. Алматы облысының ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы «Шурави» атты команданы құрып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Соның айғағы Қызылорда қаласындағы ардагерлер арасындаға волейболдан турнир. Онда әр облыстардан құралған 10 топтың арасында Алматы облысының құрамасы І-орынға ие болды.
Сондай-ақ, ардагерлердің әлеуметтік белсенділігін арттыру, оларды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын жүргізіледі. Мәселен, 2015-2017 жылдары Алматы облысының ардагерлеріне арналған санаторлық-курорттық емделуге 386 ардагер жіберілді.
Сонымен қатар, брифинг соңында «Алматы облысының ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Джанабаев Қайрат өз жоспарларымен бөлісті.
— Шын мәнінде жоспарлар көп. Соның ішінде үлкен семинар өткізу ойымызда бар. Оған барлық БАҚ өкілдерін, әкімдіктерді және Алматы облысының ішкі саясат басқармасын жинамақпыз. Осымен бірге, ауған ардагерлеріне арналған ескерткіштер орнату, бәйге жарыстарын ұйымдастыру да бар.