Жүкті әйелдер МӘМС жүйесі

Жүкті әйелдер МӘМС жүйесі

Жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде азаматтардың жеңілдікке ие санаты ретінде сақтандырылғандықтан, қымбат диагностикалық зерттеулер мен тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы.

Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет алу үшін жүктіліктің он екі аптасына дейін өзі тіркелген емханаға  медициналық есепке тұруға міндетті.

Аяғы ауыр әйел жүктілігін сақтағысы келіп, емханаға бірінші рет жүгінген кезде акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік    дәрігер (бұдан әрі — ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының учаскелік терапевті: анамнезді жинайды, жүкті әйелде және туыстарында аурулардың  болуын, туа біткен даму кемістіктері және тұқым қуалайтын аурулары бар анықтайды; алғаш келген кезде әйел анализдерін зерттеулерге жіберіледі.

Екінші рет қаралу, әдетте, жүктіліктің 16-20 аптасында тағайындалады. Акушерлік тексеру, ақуызға зәр анализі және екінші ультрадыбыстық скрининг жүргізіледі.

24-25 апта мерзімі ішінде жүкті әйел зертханалық зерттеулерге жіберіледі (ақуызға зәр анализі, қанның резус-теріс факторы бар антиденелер), алдын-алу шараларын тағайындайды.

30-32 апта мерзімі ішінде акушер-гинеколог жүкті әйел мен ұрықтың жалпы жағдайын бағалайды. Осы уақытта пациент Вассерман реакциясын, ЖИТС-ке ИФТ, ақуызға зәр анализі және жалпы қан анализін тапсырады. Осы кезеңде босанғанға дейінгі демалысберіледі.

Жүкті әйелдің келесі келуі 36 апта ішінде тағайындалады. Акушер-гинеколог жүкті әйелдің және ұрықтың жалпы жағдайын бағалайды. Босанудың болжамды мерзімі нақтыланады.

Келесі кеңес әдетте босанғанға дейін 38-40 аптада жасалады. Акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігері (бұдан әрі — ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының учаскелік терапевті де ықтимал асқынулардың профилактикасын жүргізеді және қажет болған жағдайда жүктілікті жүргізу жоспарын түзетеді, артериялық қысымды өлшейді, сыртқы акушерлік тексеруді жүргізеді, жатырдың биіктігін өлшейді, ақуызға зәр анализіне жібереді.

Жүктілікті бақылау кезінде жалпы тәжірибелік дәрігері (бұдан әрі — ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының учаскелік терапевті және учаскелік акушер жүкті әйелге үйде патронаж жүргізеді.

Егер пациент скринингтердің кез келгеніне емханаға тағайындалған күннен кейін үш күн ішінде келмеген жағдайда, оны үйде тонометр, термометр және стетоскоп болуы тиіс акушер немесе мейіргер патронажға алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

 КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы