Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді. Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д’Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады.
Қарарда сондай-ақ «Жер-Ана» термині көптеген елдерде қабылданғанын және ол ғаламшардың, оның экожүйесі мен адамның арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды. Жер 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болған. Жер бетінен оның өзегіне дейінгі қашықтық 6378 шақырымға тең.
«Талғар-ақпарат»