Коронавирусқа күдіктенген науқастар үшін компьютерлік томография белгілі бір белгілер болған жағдайда ғана жасалуы керек.
КТ-ны қандай жағдайда өткен дұрыс?
Ентігу, жөтел және жоғары температура болған кезде. Аурудың 4-5-ші күнінде, клиникалық көрінісі айқындалған жағдайда ғана компьютерлік томография жасалады. Егер вирустың жеңіл формасымен ауырсаңыз, тексерудің бұл түрінен бас тартқан жөн.
Сонымен қатар тексерудің басқа да балама түрлерін таңдай аласыз?
Жалпы қан анализі, рентген, ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ). Жоғарыда келтірілген талдау нәтижелері қабыну процестерін анықтауға және емдеу алгоритмін түзетуге көмектеседі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиал