2025 ЖЫЛЫ ҚЫМБАТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ             КӨЛЕМІ 42%-КЕ КӨБЕЙЕДІ

2025 ЖЫЛЫ ҚЫМБАТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ             КӨЛЕМІ 42%-КЕ КӨБЕЙЕДІ

Қазіргі таңда бірқатар өңірде медициналық ұйымдардың техникалық жабдықтануына байланысты халықтың қымбат қызметтерге қолжетімділгі төмен деңгейде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде МӘМС есебінен қымбат медициналық қызметтерді ұсыну мәселелері талқыланды.

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асырылуы есебінен қымбат медициналық қызметтердің көлемі 2025 жылға дейін біртіндеп 42%-ке көбейеді, соның арқасында халыққа қолжетімділігі де арта түспек.

2021 жылы Медициналық сақтандыру қоры 950 мың қымбат медициналық қызметті қаржыландыруды жоспарлап отыр, ал 2025 жылға қарай олардың саны 1 355 мыңға жетуі тиіс.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

         КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы