Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында ардагерлер арасында «Жетісу кубогына» воллейболдан халықаралық турнир өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Чарапиев Тұратбек пен Жетісу кәсіби воллейбол клубы жетекшісінің орынбасары Парманов Ришат баяндады.
Облыста биыл бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнирде Қазақстан Республикасының жан-жағынан құрылған команда, Талдықорған құрама командасы, Ресей мемлекетінің Москва қаласынан, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Бурятия, Литва сияқты мемлекетерінен келген командалар жарысқа түспек.
“Спорт-бұл ең әуелі салауатты қоғам қалыптастыратын, денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Бұны осы сайыста ардагерлеріміз дәлелдейді деген сенім білдірді”- деді Т.Чапиев.
“ Ұйымдастыру коммитетінде осымен үшінші мәрте отырыс өтіп, дайындық жұмыстары қаралды. Өтетін орынның дайындығы, медальдар мен кубоктың эскиздері бекітілді. Турнир Талдықорғанда өтетіндігімен мақтанамыз, қызықты әрі тартысты ойын болады. Сайысқа сақадай саймыз”, — деді Р.Парманов.
Аталған жарыстың жүлдегерлері мақтау қағаздары, медальдармен қатар I-орынға 1 млн.теңге, II- орынға 700 мың, III-орынға 500 мың теңгеге табан тірейтін болады.
Жарыстың салтанатты ашылуы қараша айының 17-ші жұлдызы сағат 15:00 де басталады. Ақсақалдық жасына қарамастан өз күштерін сынауға келген ардагер воллейболшылардың тартысты турнирін көргісі келетін қауымға есік ашық.