2021 жылдың наурыз айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша түскен жарналар 2,182 млрд. теңгені құрады
2021 жылдың наурыз айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 2,182 млрд. теңгені құрады.
Республика бойынша наурыз айында түскен жарналар сомасы (2021 жылғы 01-31 наурыз аралығында) 35, 061 млрд.теңгені құрады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, наурыз айында Алматы облысы бойынша 1,025 млрд. теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 1,157 млрд. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы