Автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жобасы жұмыс істейді.
Жоба Елбасы – Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс істейді, сондай-ақ бүкіл ел бойынша нақты мәселені шешуге — нақты саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюға шоғырландырылатын болады.
Жобаның негіз қалаушы тұжырымдамасы азаматтық қоғамның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатысуымен автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде қолжетімді бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған байланысты, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, а.ж. 7 сәуірінде І тоқсандағы жұмыс қорытындысын мәлімдеді.
Есепті кезеңде бірлескен күш-жігермен облыс бойынша 40 мониторингтік іс-шара, оның ішінде «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» РМК филиалымен бірлесіп 8 мониторинг ұйымдастырылды.
Мониторингтік жұмыстар барысында 12 бұзушылық анықталып, олардың ішінде бүгінгі күнде 10-ы жойылды (83%).
Бұдан басқа, сапасыз жұмыстары үшін автожол компанияларын жауапкершілікке тарту орын алды.
Мысалы, облыстың ең көп жүктелген республикалық автожолының мониторингі барысында «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» РМК, «Қазавтожол» АҚ филиалдарымен, Полиция департаменті және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жол төсемінің ақаулары анықталды.
Анықталған кемшіліктерді мердігер ұйым кепілдік мерзімі шеңберінде жоятын болады.
Осы ретте, Полиция департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тапсырды.
Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ