ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҮШІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ЖАҢАРТУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҮШІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ЖАҢАРТУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Шағын және орта бизнес жұмысшыларының қарызданып, артынша оны жою қажеттігі туындамас үшін, олар туралы деректі «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.

Қазіргі таңда шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысшылары туралы деректер «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізілмесе, бұл қызметкерлер ӘМСҚ-на қарыздар болып, МӘМС арқылы медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысып жүрген тұлғалар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерліктер жалдамалы жұмысшылары үшін шегерімдер төлеуден 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылған еді.

Бүгінгі күнгі деректерге сүйенсек, «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде шағын және орта бизнес жұмысшыларының сақтандыру мәртебесін жаңарту көлемі 78,9%-ті қамтыды.

Жұмысшыларының тізімі жаңартылмаған шағын және орта бизнес ұйымдарының саны — 79 721 (21,1%).

Егер сіз бизнесмен болсаңыз, қол астыңызда еңбек етіп жүрген азаматтардың қамын ойлап, қажетті ақпаратты уақытылы тапсырыңыз.

Егер сіз жалдамалы жұмысшы болумен қатар азаматтардың жеңілдікке ие санатына жатсаңыз, жұмыс берушіңізден сізді базаға енгізген-енгізбегенін сұрап біліңіз.

Естеріңізге сала кетейік, микро, шағын және орта/ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс берушілері және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар жарна төлеуден босатылатын жұмысшыларының тізімін ай сайын жаңартып отыруы тиіс.

Ақпаратты жаңарту үшін Қордың «Saqtandyry» ақпараттық жүйесі — msb.fms.kz сайтына жұмысшылардың жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы