Алматы облысында аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету үшін «Жанұя» орталығы құрылған болатын. Аталмыш ұйымның жұмыс жасағанына бір жыл толды. Осы уақытқа дейін 2 500 мың адам орталықтың қызметіне жүгінген.
«Жанұяның» жылуын көрмекке ұмтылған жандардың ішінде 288 азаматша заңгерден кеңес алса, 356 аналар 25 психологиялық тренингте оқытылған, ал 506-ы психологтан жеке кеңес алған. Орталықта сонымен қатар, балалардың жетілуіне жағдай жасалған. Мәселен, 1-5 сынып оқитын 371 бала ағылшын тілі курстарынан тәлім алған. Әртүрлі тақырыптар бойынша тренингтерде оқытудан 670 адам өткен. Сондай-ақ, әлеуметтік көмекке 23 адам қол жеткізді.
Әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсететін ұйым аналардың бақытын еселеп келеді. Оған дәлел, А. Оразбаева ханымға «Қарекет қоры» арқылы Ескелді ауданы, Қарабұлақ кетінен баспаналы болуға ықпал еткен.
«2021 жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін 1,2,3 топ мүгедектігі бар 50 азаматқа және мүгедек балаларға көмек көрсетілді. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап компьютерлік сауаттылық курстары, аспаз-кондитер, тігінші, маникюр-педикюр, визажист, шаштараз жұмыс істей бастады, барлық курстар тегін негізде өтуде. Курс аяқталғаннан кейін оқытылған мамандықтар бойынша сертификаттар берілді. Балалар үшін тегін үйірмелер, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, ән айту, домбыра үйрету және қолөнер ұйымдастырылды»,- дейді Алматы облыстық Азаматтық Альянсының Президенті Жанар Нурмуханова .
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік осал жағдайын ескере отырып, «жанұя» әлеуметтік-кәсіпкерлік орталығы «Шаған» мейрамханасымен, «Пиар» Сұлулық салонымен, «Жігер» ҚБ-мен кәсіби дағдыларды алу, сертификаттар тапсыру және олардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін келісім-шарт жасағанын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, орталықтың қолдауының негізінде шаштараз, бет әрлеуші, аспаз-кондитер, тігінші мамандықтары бойынша ұзын саны 30 шақты адам тегін курстан өткенін айта кету керек.Облыс орталығында негізінде 4637 көп балалы отбасы тіркелген.