Коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес отырысы өтті
Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Талғар-ақпарат тілшісі.
«Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізеді. Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау процесі қаралатын болады. Кеңеске орталық мемлекеттік органдар басшысы, өңір әкімдері қатысады»,-деп жазды баспасөз хатшысы Facebook-те.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ