Алматы облысында 25 мыңнан астам адам салықтан босатылған
Жыл сайынғы жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі 1 сәуірге ауыстырылды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.
«Алматы облысы бойынша 593434 көлік тіркелген. Аталмыш тұлғалардан түсетін салық мөлшері 8,8 млрд. теңгені құрауы тиіс. 2020 жыл қорытындысы бойынша салық төлеушілерден қажетті мөлшердің тек 1,2 млрд. теңгесі төленген. Төленбеген салық 6 млрд-тан астам берешекті қамтып отыр»,-деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ләззат Айтахунова
Жеке тұлға көлік салығын мүлдем төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда уәкілетті орган қарызды өнідіріп алу бұйрығын іске қосады. Ескере кететін жайт, азаматтардың салығы тұрғылықты орнымен белгіленеді.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «eSalyq Азамат» мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын. Мобильді қосымша салық төлеушілерге үйден шықпай-ақ қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған қосымшаға облыс тұрғындарының 1,3% ғана тіркелген.
Бүгінде салық төлеуден 25 260 адам босатылған. Нақтырақ айтар болсақ, олар көп балалы аналар және Ауған және ҰО соғысына қатысқан тұлғалар болып табылады.
«Jetisy Media»