Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңбұзушылықтарды анықтады

Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңбұзушылықтарды анықтады

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен түскен өтініштің негізінде Ақсу ауданының «Айжулдыз балабақшасы» МКҚК сәйкестік аудиті жүргізілді.

Аудит нәтижелері бойынша 28549,6 мың теңге сомасында заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық -8308,1 мың теңге болса; рәсімдік заңбұзушылық бойынша -20241,5 мың теңге, атап айтқанда:

— қызметкерлердің шоттарына 541,8 мың теңге сомасына жалақыны негізсіз  аудару анықталды;

— 6433,8 мың теңге сомасында пандус және көше жарығын орнату бойынша орындалмаған жұмыс көлемі расталып, 1332,5 мың теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелінді;

         Аудит барысында 8308,1 мың теңге мөлшеріндегі барлық сома тиісті бюджет кірісіне өтелді.

Сонымен қатар, аудит жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңбұзушылықтар анықталды, негізсіз бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы 20241,5 мың теңге сомасына айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік сатып алу жүргізілген, атап айтқанда: 2019 жылы — 15647,3 мың теңге сомасына 18 сатып алу ; 2020 жылы-4594,2 мың теңге сомасына 4 сатып алу өткізілген.

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 3295,0 мың теңге сомасына 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, толық өтеліп, тәртіптік  жауапкершілікке  3 лауазымды тұлға тартылды.

«JETISÝ MEDIA»