Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында 2020 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 20-65-7.45 тапсырмасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне тексеру комиссияларымен бірлесіп, бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг жүргізілуде.
Облысымызға дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 2020 жылы жалпы сомасы 158 166,9 млн. теңге қаражат қарастырылған, оның ішінде: 77 086,2 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 14 904,8 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 66 175,9 млн. теңгесі Ұлттық банктің қаражаттары болып табылады.
Өткен жылы аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 830,0 млн. теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтар, сомасы 35 641,5 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды. Сондай-ақ, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 23 материал процессуалдық шешім қабылдау мақсатында құқық қорғау органдарына жолданды. Аталмыш жұмыстардың қорытындысына сәйкес, есепті кезеңде жалпы саны 75 лауазымды тұлғаға 5,8 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды.
«Аудит нәтижесі бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған қаражаттар бойынша жалпы сомасы 8,5 млн. теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтар анықталды»,-деп түйіндеді Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Бақытжан Мұхамеджанов.
Меруерт Ақбарова