Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау бойынша жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 19 наурызында «IT FUTURE» робототехника мектебімен келісім жасалды.
Атап айтқанда, робототехника мектебі аймақтағы цифрлық технологиялар мен электронды машина жасауды оқыту мен танымал етудің жалғыз орталығы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қою барысында «IT FUTURE» компаниясының директоры Дамир Нұркежанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өзара ынтымақтастыққа шақырғаны үшін алғысын білдіріп, сондай-ақ барлық кәсіпкерлерді адал және парасатты бизнеске шақырды.