Алматы облыстық  «Жасыл ел» штабы 13-ші маусымда үздік атанды

Алматы облыстық  «Жасыл ел» штабы 13-ші маусымда үздік атанды

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Жасыл ел» штабының Алматы облыстық филиалының директоры Нұғманов Тимур баяндады.

«Алматы облыстық филиалы жастарды іріктеуде көшбасшы болып табылады. Жыл сайын облыста, сондай-ақ бүкіл ел бойынша «Жасыл ел» қозғалысының танымалдығы тұрақты түрде өсіп келеді. Ағымдағы жұмыс маусымында 1907 жас адам «Жасыл ел» қатарына қосылды. Осы кезеңде аудан деңгейінде 29 ауқымды өңірлік және 40-тан астам жобалар өткізілді. Сонымен қатар, біздің сарбаздар облыстың басты іс-шараларына да белсене ат салысты. Атап айтсақ, «Silk Way 2017» халықаралық би фестивалі, «Dream City» жастарға  арналған мерекелік іс-шарасы», — деді Т.Нұғманов.

Сонымен қатар, облыстық  «Жасыл ел» штабы Республика бойынша бірінші болып «Жасыл Ел кубогы — 2017» КТК ойындарын өткізді. Жеңімпаздар Астана қаласының әсем жерлерін аралап, «Astana Expo — 2017» көрмесіне жолдама алды.

Айта кетейік,  «Жасыл ел» республикалық штабы Якутиямен меморандумға қол қойды және  келесі жұмыс маусымында халықаралық тәжірибе алмасу күтілуде.