Үйдің жанындағы дүкендерге арналған пилоттық жоба 3 жыл күшінде болады
Пандемия кезінде елімізде шағын дүкендермен қоса бизнестердің 70-80% зардап шеккен болатын.Осыған орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде қарапайым халыққа деген жаңа орнатуларды заңға еңгізді.
Бұдан әрі,пилоттық жоба шеңберінде сатып алушыларға бақылау-касса машинасының чегін бере отырып, тауарларды тек жеке тұлғаларға өткізуді жүзеге асыратын үйдің жанындағы дүкендерге арналған тауарға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша талап жойылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген тауардың ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) рәсімдеу жөніндегі Пилоттық жобаны іске асыру қағидалары, бұдан былай 7-тарауында бөлшек саудада ТІЖ рәсімдеу жөніндегі ерекше ережелер белгіленген, оларға сәйкес электронды шот-фактуралары (ЭШФ) АЖ-да ТІЖ бойынша рәсімдер бөлшек сауда субъектісінің қатысуынсыз берілген алгоритмдер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтып кеткендей, жеңілдетілген декларациялар бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер онлайн бақылау-касса машиналарын қолданған жағдайда тауарларды түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде ТІЖ рәсімдемейтінін білдіреді.
Сонымен қатар,жеңілдіктер қатарында,шағын дүкен иелері салықтан 3 жылға босатылды.Дегенмен,олар электрондық қоймаға тауарды орнататын болады.
«Комитет тарапынан, үй жанындағы дүкендер шот фактурасынан және ілеспе құжаттарды рәсімдеуден босатылды.Дегенмен,контрольды кассалық аппараттан,әрбір тауарды өткізуге міндетті.Яғни,тауарды алғаннан кейінгі берілген чекті,міндетті түрде онлайн аппаратқа енгізеді.Соған орай,тауар автоматты түрде виртуалды шоттан есептен шығарылып отырады»-деді, Алматы облысы бойынша кірістер департаментінің басшысы Ләззат Айтахунова.
Айта кетелік,дүкендегі тауарлардың нақты түрлерін ғана электронды қоймаға енгізеді.Оның ішінде:темекі,акоголь өнімдері болады.
Сонымен қатар,өнімдерді сканерден өткізу міндетті болады.Техниканы сатып алу мүмкіндігі жоқ жағдайда, комитет арнай бағдарлама арқылы, ТІЖ және ЭШФ ресімдеуді PLAY MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.Бағдарламада арнайы QR коды арқылы өткізуге мүмкіндік туатын болады.
Меруерт Ақбарова