ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒЫНЫСТЫ МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒЫНЫСТЫ МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Садықов, облыстық Арнайы мониторингтік тобының мүшесі Жанар Нұрмұханова және облыстық ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және оның бағынысты Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ-нің қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы соңғы өзгерістер аясында заңнамалық нормаларды түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушыларға облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратқа қол жеткізіліп, Департаментпен әзірленген арнайы бейнеролик көрсетілді.

Айта кету керек, кездесу барысында Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ-нің қызметінде өткізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау туралы да сөз қозғады.

Асқар Садықов атап өткендей «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында жүргізілетінін атап өтті және екі түрге бөлінеді: сыртқы және ішкі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сыртқы талдау жүргізуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобына сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын бағалау жөніндегі Арнайы мониторингтік топтың өкілдері енгізілді.

Талданып отырған саланың өзекті болып табылатынын ескере отырып, сыртқы талдау жөніндегі жұмыс тобы аталған мекеменің құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер туралы мәліметтерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты upk_almobl@mail.ru электрондық мекенжайға жіберуді немесе 8-7282-609-836 нөмірі бойынша хабарласуға болатыны туралы да айтылды.

Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті