Ағымдағы жылдың 15 наурызда Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған семинар өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқарма басшысы Садыков Асқар, Алматы облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Бектасов Темерлан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті превенция және парасаттылық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Бақытжан Өмірбеков, Алматы облысының ақпараттық ағартушылық штабының және арнайы мониторингтік тобының мүшелері қатысты.
Штаб мүшелері парасаттылық құндылықтарына тоқтала келе, әр істе адал, әділ болуға шақырды. Әділ болу – адам ақысын жемеу, дұрыс шешім қабылдау, шындыққа жүгіну секілді түсініктерді құрайтындығын айтып, ондай азаматтарға қоғамда да сенімнің мол болатындығын жеткізді.
Кеңес барысында Садыков Асқар Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, Департаменттің 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізген жұмысының нәтижелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, Превенция және парасаттылық басқарма басшысы қатысушыларды облыс аумағында енгізіліп жатқан ISO—37001, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құралдармен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті