Жетісу өлкесінде 4 мыңға жуық отбасы баспаналыболады
Алматы облысында «5-10-20» бағдарламасы арқылытұрғындарды 650 пәтермен қамтамасыз етужоспарлануда.Бұл жайлы толығырақ «Jetisy Media» ақпараттық алаңында хабарлады.
Аталмыш бағдарлама Қазақстан тұрғын үй жинақбанкінің серіктестігімен іске асырылуда.Сондай-ақ, жоспардағы пәтерлердің 550-і кредиттік,100-коммерциялық болмақ.
Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 311,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 126 пәтер салужоспарлануда.Жыл соңына дейін жалпы ауданы191,3 мың шаршы метр болатын 2 603 пәтерлік 521 үйді пайдалануға беру көзделген.
«2021 жылы 3 700-ден астам азамат қоныс тойынтойлайды деп күтілуде. Бұл ретте, «Нұрлы Жер» арқылы 1 745 пәтер, Бақытты отбасы-519 пәтер, «7-20-25» -817 пәтер, 509-коммерциялық тұрғын үй ел игілігіне үлестірілмек. Бұдан басқа, жеке құрылыссалушылар есебінен коммерциялық тұрғын үйсалуды ынталандыру мақсатында облыс әкімдігіқазіргі уақытта 34 перспективалы алапты анықтады»-деді, Алматы облыстық құрылыс басқармасыбасшысының орынбасары Ерке-Бұлан Усманбаев.