ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ» 54380 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ «РММ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ» 54380 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ «РММ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, 54380 әскери бөлімінің командирі Қайрат Мырзағалиев, Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығы Ерлан Оспановтың қатысуымен ҚР Қорғаныс министрлігінің «54380 әскери бөлімі» РММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша кездесу өткізілді. Өз сөзінде Жұмабаев Жандос Сағындықұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңалықтар, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің маңыздылығы және Бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін Бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту туралы айтып берді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет институты енгізілгенін, ол адалдық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауап беретінін атап өтті.

Семинар барысында алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесуге қатысушыларға департаментпен іске асырып жатқан «Жетісу адалдық алаңы» жобалары, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы», ISO 37001 платформасының мүмкіндіктері, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.

Сөз сөйлеу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент