АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған семинар өткізілді.

Іс-шараға Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Мейрам Мұсаев қатысты.

Кеңес барысында Жандос Жұмабаев Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, Департаменттің 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізген жұмысының нәтижелерімен таныстырды.

Сонымен қатар, Департамент басшысының бірінші орынбасары қатысушыларды облыс аумағында енгізіліп жатқан ISO—37001, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құралдармен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент