Алматы облысында 220 учаскелік полиция пункті салынады
Учаскелік полиция қызметкерлерінің сапасы мен жұмыс жағдайларын жақсарту мақсатында Алматы облысында бүгінгі күнге дейін 300-ге жуық учаскелік полиция пункті салынды, оның 182-сі тұрғын үймен біріктірілді. Барлығы осындай 220 УПП салу жоспарланған, оның 38-і 2021 жылы салынып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бағдат Әшімов «JETISÝ MEDIA»ақпараттық алаңында хабарлады.
Осылайша, іске асырылып жатқан жоба облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтиды. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін, оның ішінде «полиция қадамдық қолжетімділікте»қағидаты бойынша беру қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта штатты нығайту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда. Бүгінде облыс бойынша учаскелік полиция инспекторларының штат саны 637 бірлікті құрайды, оның 133 — і қалалық, 504-і ауылдық жерлерде», — деді Бағдат Әшімов.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Алматы облысының Ішкі істер органдарының қызметкерлері автокөлікпен, бейнетіркегіштермен және бейнежетондармен, планшеттермен, компьютерлермен толық қамтамасыз етілген. Өткен жылдың желтоқсан айында облыс әкімдігі 50 қызметтік көлік бөлді.
Учаскелік инспекторлардың өңір азаматтарымен өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында әлеуметтік желілерде парақшалар құрылды, онда тұрғындар сұрақтар мен ұсыныстар бере алады. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары апта сайын «онлайн»режимінде азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады. Әрбір қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде қабылдау кестесі әзірленді. Халықтың қолайлылығы мен қолжетімділігі үшін олар сенбі күндері сағат 11-ден 12:30-ға дейін өткізіледі.
JETISÝ MEDIA