АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІН ИГІ ІСТЕРДЕН БАСТАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІН ИГІ ІСТЕРДЕН БАСТАДЫ

Бүгін, 1 наурыз көктемнің алғашқы күні және Қазақстанда 2016 жылдан бері аталып келе жатқан «Алғыс айту» күні аясында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шетте қалмай, көп балалы аналар мен қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға кішкентай қуаныш сыйлады.

Облыстық Антикордың басшылығы мен жеке құрамы мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін алып, тұрғындарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей: Жақсылық жасау және кем дегенде 1 адамды бақытты қылу — бұл әрбір тәрбиелі, парасатты адамның міндеті деп ойлаймын. Кейде ең кішкентай игі іс үлкен ізгі ниеттен әлдеқайда құнды. Тіпті кейбір адамдарға кішкентай игі істер де көп қуаныш әкеледі. Бүгін «Алғыс айту» мерекесі аясында жақындарымызға қуаныш сыйлап, осы жасаған игі ісімізбен балаларымызға жақсы үлгі көрсеттік деп ойлаймын».