Талдықорғанда жыл басынан бері 17 өрт оқиғасы тіркелген

Талдықорғанда жыл басынан бері 17 өрт оқиғасы тіркелген
Мұздықтар қарқынды еруіне және мол жауын-шашынның түсуіне  байланысты Қаратал, Балықты өзендерінің деңгейі күрт көтерілуі байқалып,  судың ағыны бірнеше есеге ұлғаюына әкелуі ықтимал. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында хабарланды.
Алматы облысы орталығының аумағында орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу және  тұрғындардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  Талдықорған қаласының әкімідігімен арнайы қаулы бекітілді.
         Бас құжаттың аясында, тілсіз жаудан келетін қатердің бетін қайтару көзделген. Талдықорған қаласының аумағында 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында, қауіпсіздікті және төтенше жағдайларды жоюды қамтамасыз ету үшін Алматы облысы ТЖД-нің қалалық бөлімшелерінде жоғары өтімді — 7 техника, 1 жылжымалы мотопомпа және 8 тасымалды мотопомпалар  жауынгерлік дайындықта тұр.
          «Талдықорған қаласының аумағында 341,6 км арық желілері бар, оның ішінде 129,8 км лотоктық темірбетон каналы, 211,8 км жер арнасында, 710 арық көпір өткелдері бар. Өтенай ауылдық округі бойынша ішкі арық су жүйелерінің жалпы ұзындығы 27 шақырымды құрайды оның ішінде 5 шақырымы латокты арық жүйесі.  Мойнақ аулында 3,20 шақырымды құрайтын айналмалы канал орнатылған.», — деді Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Олжас Өсербаев.
         Төтенше жағдайдың алдын алу үшін,  «Қызыл Тас» саяжай қоғамында — 1 шақырым, «Алмалы-Ащыбұлақ» саяжай қоғамында — 2,9 шақырым, Мойнақ ауылында — 712 метр құрайтын қорғаныс бөгеттеріне, су шығару арналарына нығайту, қалпына келтіру және тазарту жұмыстары жүргізілді.
Мамандардың айтуынша, атқарылған шараларының нәтижесінде 2020 жылы және 2021 жылдың өткен кезеңінде тұрғын үйлер мен шаруашылық жүргізу объектілерін су басу фактілері тіркелмеген.
Алда-жалда қызыл су басқан жағдайда тұрғындарды эвакуациялауға 14 мектеп пен І. Жансүгіров атындағы университеттің спорт залдары арнайы жасақталатын болады.  Осы арқылы азаматтардың жеке бас қауіпсіздігі сақталмақ.
Қатер аяқ астында екені анық. Су тасқынынан бөлек, өрт шарпуыда әп сәтте екенін естен шығармаған абзал. Жыл басынан қалада 17 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 12 тұрғын үй секторы қызыл жалынның шарпуында қалған.  Жауаптылар,  өз кезегінде барша адамзатты ұқыпты болуға, әсіресе табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар деп дабыл қағуда. Улы газдан келетін қатерді болдырмау мақсатында қала әкімдігінің қолдауымен 1682 газ датчиктері әлеуметтік осал топ өкілдерінің үйіне орнатылған. Сәйкесінше, өрт шығу салдарыда азайған.