Алматы облысындағы тұңғыш «Мобильді ауыл -Айдарлы»
Аламты облысында «Жетісу Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі өңір басшысының тапсырамасының аясында ашылып, қызмет атқаруда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, таза қоғамды қалыптастыруды көздеген кеңсе жұмысы ауылдық жерлерде де жүйелі атқарылуда. Оның айшықты дәлелі, «Мобильді ауыл» жобасы. Аталмыш бастама Панфилов ауданы, Айдарлы ауылы және Іле ауданына қарасты Қараой ауылында бастау алып отыр.
Аталған жобаның мақсаты, Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру болып табылады. Заман ағымына тоқтау жоқ. XXI ғасыр өзінің технологиялық өзгерістермен бірге дүниетанымымен таң қалдыруда. Әсіресе, қазіргі уақытта әлеуметтік желіні жоғары сұранысқа ие. Осы ретте, аудан басшылары бүтіндей ауылды вацап желісіне қосып, сол арқылы елді мекенде болып жатқан барлық жағдайды өз бақылауларына алып отыр. Соған сәйкес, интернет жүйесін де дамытып, Билайн 4G желісін іске қосқан.
«Мобильді ауыл – Айдарлы» WhatsApp мобильді жүйесінде білім, денсаулық, әлеуметтік сала, мәдениет саласы, құқық қорғау, тазалық, сонымен қатар мекеме басшыларының жауапкершілігі мен қызметіне байланысты мәселелер бойынша жұмыстар атқарылады.
«Жүйенің негізгі мақсаты-адалдық, жылдамдылық, үнемділік. «Мобильді ауыл» жобасы қосылғалы, ауылдағы көптеген шаруаларды,шағымдар мен ұсыныстарды дәл уақытында ұзартпай шешудеміз. Кезінде таңның атысынан әкімшілік алдында халық көптеп жиналып қалатын, немесе әкім орнында болмай күтіпте қалатын, кейбір шағымдар қаралмай кететін кездерде болды, осы жағдайлардың бәрін қазір толығымен қолға алып отырмыз. Жоба арқасында халықпен 24 сағат біргеміз»,-дейді Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айдар Исаев.
«Жетісу Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі бөлімінің басшысы Арсен Бесетаевтің айтуынша, бұл жоба ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Алматы облысының барлық ауылдық округтерінде жүзеге асырылады.
Меруерт Ақбарова