Қала құрылысының бас жоспары жобаланды
Алматы облысы тарихында алғаш рет кешендік сызба жасалды. «Облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы» жобасын екі кезеңге әзірлеу аяқталды.Жүзеге асатын уақыты 2045 жылға есептелген.
Кешенді схемада өңірдің әкімшілік орталығы-Талдықорған қаласын қоса алғанда, аудандар мен қалалардың 20 әкімшілік бірлігінің шекаралары ескерілген.
Жобаның мақсаты- өңірлік-шаруашылық пен табиғи-климаттың жағдайларын ескере отырып, қала,ауылдардың экономикасы мен құрылысын дамыту.
«Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы жобасында 2030 жылға дейін Қарасай ауданындағы 12 елді мекен, Іледен 7-еу, Талғар өңірінен 11 ауылды жерлерді кіріктіру қарастырылған. «Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі 2030 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспарына» сәйкес, жобаланатын аумақтардың топографиялық түсірілімі орындалу үстінде»,-деді Бас жоспарлар және аумақтық құрылыстандыру бөлімінің басшысы Айдос Күнесбаев.
Аталмыш құжатты әзірлеу, өңірді функционалдық аймақтарға бөлуге, сәулет келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қолданыстағы барлық негізгі және жобалық бағыттар бойынша Алматы қаласына кіру-шығу аймақтарына ерекше назар аударылған. Осы арқылы қала аумағында тұратын тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау көзделген.
Меруерт Ақбарова