«Жас маман» жобасына өңірден  5 колледж қатысуда

«Жас маман» жобасына өңірден  5 колледж қатысуда

Білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту, сапалы кәсіптік мамандар даярлау мақсатында 2019 жылы «Жас маман» жобасы бекітілген еді. Бұған республика көлемінде 180 колледж іріктеліп алынға. Алматы облысынан 10 колледж осы жобаға енгізілген болатын.

«Жас маман» жобасы аясында колледждерде теориялық оқыту кабинеті мен өндірістік оқыту шеберханалары халықаралық «Worldskills» стандарттарына сай замануи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Кабинеттер мен шеберханаларда қажетті коммуникациялар мен инфрақұрылымдар жүргізіліп, тиісті жиһаздармен қамтамасыз етілді. Ол үшін облыстық бюджеттен     5% көлемінде қосымша қаржыландыру үшін 80,2 млн.теңге қаражат қарасырылды.

Биылғы жылыда аталмыш жоба өз жалғасын таппақ. 2021 жылы «Жас маман» жобасына енген 5 колледжге республикалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қарастырылды.

«Жоғарыда аталған колледждердің базасында «Аспаз»,  «Кондитер», «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі», «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу», «Графикалық дизайн», «Веб дизайн және әзірлеу»,    «3-D моделдеу»,  «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» біліктіліктер бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды»,-деді Алматы облысы білім басқармасы басшысының м.а Гүлсара Тастандықызы.  

Бұдан басқа, «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Графикалық дизайн», «Бизнеске арналған IT-шешімдер»,                     «Web-дизайн және әзірлеу», «3-D Модельдеу және прототиптеу», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Инженерлік графика CAD», «Тас қалау», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Тақтайшалармен қаптау», «Бетон жұмыстары», «Ағаш ұста ісі», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттіліктері бойынша Worldkills жаттығу лагері құрылды, бұл бізге әртүрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға және сертификаттауға мүмкіндік беріп отыр.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ