«Таза қоғам –адал билік»

«Таза қоғам –адал билік»
Әлеуметтік желіні дүрліктірген мәселеге қатысты, Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбайұлы БАҚ өкілдеріне жауап берді.
«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, бұқараны дүрбелеңге салған жайт ағайынды Сарыбаевтардың бір ауданда басшылық қызметте еңбек етуі еді.
Желіде желдей ескен сөздердің төркіні  билік басында сыбайлас жемқорлыққа жол берілуі мүмкін деген үрейіден пайда болды.  Дегенмен, даурығуға негіз жоқ. Барлығы Ата заңның аясында әлде қашан тігісі жатқызылған.
 Естерңізде болса, 2020 жылдың 23 желтоқсан күні, Ғалиасқар Сарыбаев Кербұлақ ауданының әкімі қызметіне тағайындалған еді.  Аталған лауазымға келмес бұрын Ғалиасқар Төлендіұлының інісі, Еділ Сарыбаев Кербұлақ ауданының жолаушылар көлігі және автомабильдік жолдары бөлімінің  басшысы болып еңбек еткен.  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңына сәйкес, туыстық қарым-қатынасы бар тұлғалар бір мекемеде немесе бір салада еңбек етіп, жұмысын жалғастыруға тыйым салынған.
«ҚР 2015 жылы қабылданған  сыбайлас жемқорлыққа қатысты  заңының 14-бабына  сәйкес. Мемлекеттік қызметте тусытқандық қатынасқа жол жоқ. Яғни, қандайда бір жақындығы болса олардың біреуі алдын ала ескертпе алып, 3 ай мерзім ішінде өзге қызметке орналаусы тиіс. Яки, аталған лауазымдық орынды босатуға мүдделі болып табылады. Бұл мәселеге келер болсақ, Ғалиасқар Төлендіұлы әкім болып сайланғаннан кейін, ертеңінде 24 желтоқсан күні Еділ Сарыбаевқа басты құжатта көрсетілген талаптарса сай, орнын босату туралы ескертпе берілген болатын. Қазіргі таңда, Еділ Сарыбаев кезекті еңбек демалысында»,-деп атап өтті Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай.
  Жалпы мүдделер қақтығысын болдырмау үшін арнайы заң тек біздің мемлекетте ғана емес, сондай-ақ Европа елдерінде де қабылданған.  Аталған шаралар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік мүдделер мен жеке бас мүддесінің қарама қайшы келмеуіне бағытталады.

 

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ